Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Т. Сұлтанғазиев: Ұлт жоспары аясында Қазақстанда медициналық көмек көрсету саласында озық тәжірибе енгізілетін болады (БЕЙНЕ)

«ДСӘДМ жанында медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссия құрудың» 82 қадамы аясында Қазақстанда медициналық көмек көрсету саласында озық тәжірибе енгізілетін болады, сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету сапасын ұйымдастыру енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының орынбасары Тимур Сұлтанғазиев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.
Астана қаласы 25 Шілде, 18:49

«Сапа бойынша комиссияның бірігуі өткен жылы Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» аясында іске асырылды, яғни тікелей «ДСӘДМ жанында медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссия құрудың» 82 қадамы аясында. Сапа бойынша бірлескен комиссияның мақсаты медициналық көмек көрсету саласында озық тәжірибе енгізу, сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету сапасын ұйымдастыру»,-деді ол.

Сарапшының айтуы бойынша, комиссияның қызметіне дәрігерлер үшін клиникалық құралдарды жетілдіру, медициналық қызмет көрсетуді стандарттау, медициналық қызмет көрсетудің сапасын стандарттау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсетудің тиімді болуы кіреді.

«Сапа бойынша бірлескен комиссияның құрамына денсаулық министрлігінің өкілдерінен басқа жергілікті атқарушы органдар, денсаулық сақтау басқармасының мамандары кіреді. Сонымен қатар, жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін комиссяға үкіметтік емес ұйымның мамандары, «Атамекен» ұлттық полатасынан, сонымен қатар жеке ұйымдар мен кәсіби медициналық қауымдастықтардың мамандары жұмылдырылды»,-деді Т. Сұлтанғазиев.

Индира Қауметова

Бейнеге түсірген Азамат Әлиев

 





Яндекс.Метрика