Өңірлер

Ақмола облысының әкімі аймақ шаруаларымен кездесті (ФОТО)

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Зеренді ауданына жасаған жұмыс сапары аясында «Химик» ЖШС-не барып, бидайдың пісіп, жетілуі мен жалпы астықтың шығымын көрді, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Ақмола 25 Шілде, 12:57

Серіктестік директоры Иван Позняковтың айтуынша,  1377 гектар алқаптың 773 гектарына бидай, 324 гектарына арпа және 40 гектарға сұлы егілген.

«Химик» ЖШС егіс алқабында облыс әкімі ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен кездесті. Шаруалардан бидайдың пісуі ьарысын сұрап, азаматтардың барлық сұрақтарына жауап берді және ауа райының қолайлы болуын тіледі.

Жалпы Зеренді ауданы бойынша жаздық егіс пен бұршақ дәнді дақылдар 181 602,3 гектарды құрады. 50 905,1 гектарға майлы дақылдар, 1687,6 гектарға картоп, 382 гектарға көкөніс, 13 476 гектарға мал азығы дақылдары егілген.

Бұдан әрі С.Кулагин «Зерендинский ХПП» ЖШС-ң жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Кәсіпорынның қуаттылығы сағатына 60 тонна. Қазір мұнда ішкі жұмыстары жүргізіліп жатыр. .

Сонымен қатар, Ақмола облысынгың әкімі Сандықтау ауданындағы «Каменка и Д» ЖШС егіс алқабында болып, ауданның ауыл шаруашылық тауар өндіруші шаруаларымен кездесті. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика