Халықаралық интеграция

ҚР СІМ: Қазақстандықтардың Бразилияда визасыз 30 күнге дейін болуларына мүмкіндік туды (БЕЙНЕ, ФОТО)

Қазақстандықтар Бразилияда 30 күнге дейін визасыз бола алады, деп хабарлады Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеубердин ҚР СІМ-де.
Астана қаласы 25 Шілде, 11:34

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Бразилия Федеративті Респбуликасының Үкіметі арасында азаматтардың өзара визасыз қатынауы туралы нотамен алмасу келісіміне ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстандағы Бразилия Елшісі Деметрир Буэно Каравльо бүгін қол қойды. Келісім қазақстандықтардың Бразилияға визасыз 30 күнге баруына мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтардың шет елдерге баратын кездерінде визасыз режим немесе визалық режимнің жеңілдетілген түрлерін жасау жөнінде тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, бүгін Бразилиямен визасыз режим келісіміне қол қойдық. Енді екі ел азаматтары 30 визасыз барып-келулеріне болады»,-деп мәлімдеді М.Тілеуберді.

Айта кету керек, аталмыз келісім Қазақстан-Бразилия серіктестігін, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гкманитарлық, туристік және басқа да байланыстардыдамытуға бағытталған. Сонымен қатар, екі елдің өзара қатынастарын барынша жеңілдетуді көздейді.

Бұдан бөлек, аталмыш келісім Рио-де-Жанейро қаласында осы жылдың 5 тамызынан 21 тамызына дейінгі аралықта өтетін жазғы олимпиадаға қазақстандық спортшылардың қатысуларын және біздің азаматтардың  олимпиадаға баруларын жеңілдетеді. Сонымен қатар, бразилиялықтардың Астанадағы «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне келіп, «жасыл экономиканы» дамытудағы адамзаттың соңғы жетістіктерін көрулеріне мүмкіндік туатын болады.

 

Индира Қауметова

Суретке, бейнеге түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика