Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Қытай қазақстандық азық-түлікті импорттауға қызығушылық танытып отыр

Қазақстандық азық-түлік өнімдері шекаралас жатқан ҚХР-ның Шыңжаң-ұйғыр автономдық ауданы импорттауға аса үлкен қызығушылық танытып отырған тауарлар тізімінде бұрынғыдай көш бастап тұр, деп KAZNEX INVEST агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы28 Қараша , 16:40

«Мұны жергілікті кәсіпорындарға серіктестер іздестіру үшін Kaznex Invest агенттігі ұйымдастырған қытайлық бизнесмендердің Алматыға жасаған сапары растап берді. ШҰАА-дан келген көтерме-сауда компаниялары мен трейдерлері Алматының азық-түлік, металл өнімдерін, жанар-жағар май шығаратын 11 кәсіпорнын аралап көрді», - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні өндірушілердің әрқайсысымен, ең алдымен, тауарларды ҚХР-на кіргізу және ресімдеуді реттеу рәсімдері бойынша егжей-тегжейлі келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қазақстанда өндірілген майлы дақылдар, макарондар, кондитерлік тағамдар, жүн және емдік шөптер сатып алушылардың қызығушылығын тудырды.

2009 жылдан бастап KAZNEX INVEST агенттігі Қытайға жыл сайын сауда миссияларын өткізуде.

2009 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде Пекинде, Ининде және Үрімшіде өткен сауда миссияларында 60-тан астам қазақстандық өндірушілер қатысты. Сауда миссиялары нәтиежесінде жасалған Қазақстанда өндірілген өнімді Қытайға жеткізу бойынша келісімшарттардың жалпы сомасы 35 млн. АҚШ долларынан асты. Үрімшіге жасалған сауда миссиялары ШҰАА Халықаралық саудаға ықпалдастық бойынша комитетімен серіктестікте өткізіледі. 




Яндекс.Метрика