Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Жеке куәлік ҚР азаматтарының МӘМС қатысушысы ретінде теңестіруге мүмкіндік береді (БЕЙНЕ)

Жеке куәлік Қазақстан азаматтарын сақтандыру жүйесінің төлеушісі ретінде және МӘМС қатысушысы ретінде теңестіруге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді ҚР ДСӘДМ Астанада қаласының медициналық қызметті төлеу Департаменті бастығының орынбасары Ләззат Шоманова Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.
Астана қаласы 25 Шілде, 10:24

«Жыл сайын Қазақстан хылқының жасы ұлғайып келеді. Бүгінде орташа жас есеп бойынша 71 жасқа жетіп отыр. Халық жасының ұлғаюымен қатар инфекциялық дерттер де көбейеді. Денсаулық сақтау жүйесі көбірек назар аударатын мәселе де осы. Халықтың осы тобы да сапалы қызмет алуға құқылы»,-деді ол.

Оның айтуынша, бұл жүйенің қаржысы сақтандыру жарнасы арқылы толықтырылмақ.

«Қазақстан азаматтарында сақтандыру полюстарын ала алмай қалдым деген алаңдаушылық болмауы керек. Ол азаматты сақтандыру жүйесінің төлеушісі ретінде теңестіру жеке салық төлеуші ретіндегі нөмірі арқылы кез-келген емханада,  кез-келген медициналық ұйымда МӘМС қатысушысы ретінде тіркеуге мүмкіндік бар»,-деп атап өтті Л.Шоманова.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жұмыс беруші мен жұмысшының, мемлекеттің жауапкершілігі негізінде халықаралық тәжірибеге сай медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетін болады.

Индира Қауметова





Дерекнама

Яндекс.Метрика