«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

СҚО-да ТКШ-нің жаңғыртылған 6 нысаны жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі

Солтүстік Қазақстан маслихатындағы «Нұр Отан» партия фракциясының мүшелері «Нұрлы жол» комиссия отырысын өткізді. Отырыс барысында ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін, су және жылумен жабдықтау желілері, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселелері талқыланды, деп партияның баспасөз қызметінде хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан25 Шілде , 09:38

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Әділбек Әубәкіровтың мәліметінше, бүгінгі күні 3 млрд 287 млн теңгенің ТҮКҚ саласын жақсарту бойынша 6 жоба іске асырылды, сонымен қатар, су және жылу жүйесінде 8,5 млрд соманың 2 жобасы іске асырылуда. Онымен қатар, облыста тұрмысқа жайлы үйлерге жөндеу жұмыстары жасалуда.

«ТКШ-нің инфрақұрылымын жаңғырту бойынша, су тарту бойынша 4 жоба іске асырылуда, сумен жабдықтау бойынша-2 жоба. Су тарту жұмыстары Гоголь көшесі бойымен, «Южный» қысым кәріздерінде, қайта жөндеу жұмыстары 1 көтерілімдегі кәріз станцияларынан,Пушкина көшесіндегі канализациялық корректр бойынша, Завадской мен Шухова көшелері бойынша  жүргізілуде»,-деп түсіндірді ол.  

Сонымен қатар, отырыс барысында осы жылы сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңғырту жобасын іске асыру басталатындығы айтылды. Оның жалпы құны 3 млрд 850 млн теңге. Жобаны іске асыруға Еуропалық қайта құру және даму банкі мен бюджеттің қаражаты тартылды.

Жобалар іске асырылғаннан кейін 2018 жылға қарай су желілерінің тозуы 72-ден 62 пайызға төменделетіні, су тарту желілері – 63-тен 50,5 пайызға төмендетілетіні күтілуде.  

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстары да тыс қалған жоқ. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысының тұрмысқа жайлы тұрғын үй қоры 1710 көпқабатты тұрғын үйден тұрады.  

Айта кетейік, «ТКШ, су және жылумен жабдықтау желілерін, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуды  жаңғырту» бағыты бойынша «Нұрлы жол» комиссиясының мүшесіне 7 адам кіреді. Күз айында комиссия мүшелері ТКШ-нің жаңғыртылған нысандарында болып, жұмыс барысымен танысатын болады.

 




Яндекс.Метрика