«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Мамыталиевпен кездесіп, өңірдегі тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқылады, деп аймақ әкімдігінде хабарлайды.
Ақтөбе23 Шілде , 14:39

Биылдан бастап «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Нұрлы Жол» бағдарламасының тұрғын-үй құрылысы саласындағы  мемлекеттік операторларының бірі болып белгіленді. Соған байланысты аталған қор «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында коммерциялық тұрғын үй құрылысын салатын компанияларға қолдау көрсетеді. Бағдарлама аясында осы мақсатта аталған қорға 97 млрд теңге бөлінді.

    Кездесу барысында басқарма төрағасы Бауыржан Мамыталиев аймақ басшысына Ақтөбе өңірінде тұрғын үй салу туралы ұсынысын білдірді. Оның айтуынша, бүгінгі күні Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін бағдарламасы бойынша елімізде  жалпы көлемі  315 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Бердібек Сапарбаев тұрғындарды сапалы және қолжетімді баспанамен қамту мәселесі мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағытының бірі екендігіне тоқталып, бұл ұсынысқа қолдау білдірді.  

-«Қазір Ақтөбе қаласында мемлекеттік тұрғын үй қорында тұрғын үйге мұқтаж 18 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Халықтың баспана мәселесін шешудегі тиімді жолдардың бірі ретінде осы бағдарламаның да ықпалы зор болады»,- деген ол мәселенің шешілуін жеделдету үшін жергілікті тиісті орындар басшыларына тапсырмалар берді.

Осыған байланысты облыс басшысының орынбасарлары Жаңабай Бексары, Асқар Биахметов және  Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановқа тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімі мен қажетті инженерлік инфрақұрылым мәселесін тез арада шешу жүктелді.

    Ақтөбе қаласында алғашқы рет 2014 жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты жұмысын бастаған болатын.   Бағдарламаға жергілікті атқарушы органдардағы, яғни, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар ретінде кезекте тұрған азаматтар қатысып, пәтер кезегін күткен біраз азаматтардың баспана мәселесі шешілді.

 




Яндекс.Метрика