Ұлтаралық бірлік

Астанада халық ойындарының ІІ-ші фестивалі өтуде (БЕЙНЕ)

«Жастар» сарайының алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халық ойындарын ІІ фестивалі өтуде. Шараны Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы, астаналық әкімдік жанындағы «Қоғамдық келісім» ҚММ ұйымдастырды.
Астана қаласы 23 Шілде, 12:43

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, шараның мақсаты этномәдени бірлестіктермен іздеу және жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мәдениетін сақтап қалуға көмегін береді, сонымен қатар, этносаралық қатынастарды нығайтып, жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелейді.

Астанадағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсаинованың айтуынша, екі ұлт бірлігін нығайтуға жағдай жасайды.

«Бүгін біз халық ойындарын ІІ фестивалін өткізудеміз және ол ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Сонымен қатар, бұл іс-шара «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» атты жалпыхалықтық бағдарламаға да арналған. Ол отбасылық құндылықты, мәдениетті құрметтеуге негізделген. Біздің шарамызға Астанадағы баорлық этномәдени бірлестіктер белсене қатысуда. Біз бес команда құрдық»,-деді Л. Құсаинова.

Сонымен қатар, Феситиваль аясында ұлттық ойындар, спорт түрлері таныстыру бойынша этномәдени бірлестік жастарының қойылымдары жоспарланған.  Сонымен қатар, астаналық этномідени бірлестігінің шығармашылық ұжымынан концерттік бағдарлама ұсынылады.

Ботагөз Айтжанова

Бейне: Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика