Жаңа қазақстандық патриотизм

Астана- болашақтың қаласы

Өткен жылы Қазақстанның елордасы Астана өзінің 15 жылдығын тойлаған болатын. 1997 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына өзгерткен болатын. Ол елдің орталығында орналасқандықтан көліктік, телекоммуникациялық инфрақұрылым бойынша елорданың дамуына әсер ететін болды. 319 мың халқы бар қала елдің астанасына айналды. 1997 жылы оның аумағы 258 шаршы метрге тең болған, бүгінде Астана 710,2 шаршы метрді алып жатыр.
Астана қаласы 28 Қараша, 18:15

 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті. Сондай-ақ, 98 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына «Әлем шаһары» деген атақ берілді.

Астана қаласының тарихы – бұл жаңа Қазақстанның қалыптасуы. Бүгінде Астана әлемнің ең жас елордасы болып есептеледі.

Астана – заманауи сәулет мүмкіндігі пайда болған қала. Астана қаласының сәулет өнері Шығыс пен Батыстың тұрақтылығы мен Еуропа мен Азияның ерекшелігінің басын қосты. Қала құрылысында жетекші технологиялар пайдаланылып, 21 ғасырдың қала құрылысының өнері нақышталды. Әлемнің белгілі сәулетшілері қиялындағы жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Оның айқын көрсеткіші Есіл өзенінің сол жағалауы. Бұрын жазық дала орналасқан жерде зәулім ғимараттар орын тепті.

Оның ішінде Қазақстан мен Астананың символына айналған-Бәйтерек. Астаналықтар Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Қазақ елі» монументі, Хан Шатыр, Астана Опера, Тәуелсіздік сарайы, Әзірет Сұлтан Мешіті сынды ғимараттарды мақтан тұтады.  

2013 жылдың қарашасында Астана халқының саны 900 мың адамға жетті. 





Яндекс.Метрика