Адамзаттық капитал

Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдері мен бөлімшелері кешенді тексеруден өтті – ҚР ҚМ (ФОТО)

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының офицерлерінен құралған кешенді комиссия Ақтау гарнизоны 51809 әскери бөлімінің радиотехникалық бөлімшелерін тексеруге жоспарлы жұмыс сапарымен барды. Сондай-ақ, бір уақыттағы кешенді тексеріске ӘҚК-нің бірнеше әскери бөлімдері ұшырады.
Казахстан 23 Шілде, 15:51

Комиссиямен ӘШҚҚ бригадасы мен әскери бөлімдердің тыныс-тіршілігін тексеру болды. Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетовтің басшылық етуімен жұмыс жасаған комиссия бригаданың қолбасшылығы мен лауазымды адамдарын және жекелеген радиолокациялық роталардың командирлерін тыңдады, ӘҚК-нің бөлімдерін тыныс-тіршілік үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілу проблемалары бойынша әңгіме жүргізді, жауынгерлік әзірлікті, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, оқу-материалдық базаны және жеке құрамның жасақталуын тексерді. Бұл ретте ерекше назар әскерлер қызметіне, бригаданың зениттік-зымыран дивизиондары мен радиолокациялық бөлімшелердің жауынгерлік кезекшілігінің ұйымдастырылуы мен атқарылуына аударылды. Сонымен қатар, комиссиямен жеке құрамның құқықтық тәртібін, моральдық-психологиялық жағдайы мен әскери тәртіптілігін ұстап тұру жөнінде командирлердің тәрбие жұмысы мен қызметіне баға берілді.

«Бүгінде елімізде және шетелде лаңкестік шабуылдың белең алуы байқалуда. ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Қорғаныс министрі ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік қабілеттілігі мен олардың ұдайы жауынгерлік әзірлігіне үлкен көңіл бөлуде. Әскери бөлімдердің командирлеріне жоғары қырағылықты, өткізу режімін қамтамасыз ету, әскерлер қызметінің деңгейін арттыру, бөлім мен бөлімшенің күнделікті қызметінің барлық тұстарын үнемі қадағалау қажет», - деп ӘҚК бас қолбасшысы қадап айтты.

Сапар барысында авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына барып, курсанттармен әңгіме өткізді.

«Біздің бітіруші курсанттар теория және практика жүзінде жақсы дайындалған. Білімдері де жақсы. Олардың «қанаттарын қатайтып, аяқтарына тік тұрғызу ғана қалды». Бозбалалар ұшу даярлығына түсіністікпен қарайды және ұшуларға мұқият дайындалады», - деп ӘҚК Әскери институтының бастығы полковник Бағдат Қажымұратов атап өтті.

Тексеру аяқталғаннан кейін ұсынымдар мен нұсқаулар берілді. Әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлеріне қажетті көмек көрсетілді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика