ҚР ИИДМБ

ИИДМБ аясында Қызылорда облысында 5 мың жұмыс орны құрылады

ИИДМБ аясында Қызылорда облысында 387,7 млрд теңгенің 50 жобасын іске асыру жоспарлануда және ол өз кезегінде 5000 жаңа жұмыс орнын құратын болады. Бұл туралы «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.
Қызылорда23 Шілде , 12:18

Оның айтуынша, басым бөлігі кәсіпкерлікті қолдауға негізделген. 4,7 мыңнан астам жұмыс орны осы бағытта құрылмақ. 

«Бүгінде Инвестициялар және даму министрлігіне Шалқиякенішін игеру, кальцийлендірілген сода шығару жобалары жолданды. Олар жүзеге асқан жағдайда 2,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады», - деді Ринат Сұлтангереев. 

Аталған жобалар көп ұзамай өнеркәсіп қауіпсіздігі кеңесінде қаралып, республикалық индустрияландыру картасына қосылады. 

 




Яндекс.Метрика