Басқару

ҚР ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі тағайындалды

Қайрат Айтуғанов ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұрындары ол ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді, деп ведомствода хабарлайды.
Астана қаласы 23 Шілде, 11:29

Қ. Айтуғанов 1962 жылдың 12 сәуір айында Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтының Көкшетау филиалын және 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын бітірген.

Әр жылдарда Қарағанды облысының әкімшілігінде, «ҚазАгро» ҰБХ" АҚ, ҚР АШМ  және тағы басқа әр түрлі қызметтерде еңбек етті.





Яндекс.Метрика