«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

ЕҚҚДБ Қазақстанда ақылы жолдардың енгізілуін қаржыландырады

ЕҚҚДБ-мен өзара әрекеті аясында Қазақстан Республикасында ақылы жолдарды енгізу үшін қарыз қаражаттар туралы келісім жасалды. Бұл талаптар ЕҚҚДБ-ның несие комитетімен қарастырылып, мақұлданды. Қазіргі күні қарыз шарттары талқыланып, мақұлдануда, деп ҚазАвтоЖол хабарлайды.
Астана қаласы23 Шілде , 11:06

Төлем өндіру жүйесін еліміздің халықаралық дәліздері негізінде енгізуді жоспарлауда. Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарлама «Нұрлы жол» аясында салынатын учаскілерде.Барлығы 2020 жылға дейін 7 000 шақырым автожолдар ақылы болады.

Айта кететін жайт, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы аясында Жұмыс тобы құрылуда. Олардың құрамына мүдделі меморгандар да кіреді.

«Дайындау шаралары аясында ағымдағы жылдың 16 маусымында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Еуропа қайта құру және даму банкімен бірге дөңгелек үстел өткізілді. Оның тақырыбы «Қазақстан Республикасында ақылы жолдарды дамыту» деп аталды. Ол жерге Тайваня, Түркия, Австрия, Франция, Оңтүстік Корея, Испания, Қытай және Ресей өкілдері қатысты», - деп хабарламада айтылған.




Яндекс.Метрика