Халықаралық интеграция

Қазақстан ӘТК-нің корабльдері теңіз биатлонына қатысу үшін Каспий теңізін есіп өтуде

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің «Орал» және «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық корабльдері Каспий теңізінің ресейлік су айдындарына жөнелтілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 23 Шілде, 10:34

1 тамыздан бастап осы жауынгерлік корабльдердің экипаждары Армия халықаралық ойындары-2016 шеңберінде «Теңіз кубогы» сайысына қатысады. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасында атап өткендей, теңіз биатлонына біздің командаларды дайындау теңізге әркез шығу кезінде алдыңғы үш байқау кезеңдерінің әрқайсысы үшін жеке-жеке өтті. Сайысқа экипаждар толық әзірлікте және жоғары жауынгерлік рухта жөнелтілді.

Теңіз биатлонының бағдарламасы Қазақстан, Ресей, Қытай және Әзірбайжанның әскери теңізшілеріне үш кезең дайындауда. Біріншісі – теңіз және әуе нысаналары, жүзбелі мина бойынша оқ ату. Екінші кезең – жағалық тренажерлық кешенде судың ағынымен өміршеңдік үшін күресу. Үшінші – теңіз машығы мен құтқару дайындығы. Сайыстың бұл кезеңінде экипаждар шектеулі жылдамдықпен апаттық кеменің сүйретілуін, корабльдің зәкірге және берілген бағдармен кеменің артқы жағындағы бөшкенің қойылуын жүргізеді. Теңіз биатлонына әскери теңізшілеріміз екінші мәрте аттанғалы отырғанын айта кеткен жөн.

Былтырғы жылы Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің командасы байқауға алғаш рет қатысуда лайықты өнер көрсетіп, екінші орынды иеленді. Күміс медальдар жиынтығы мен «БЛ-680» жылдам жүретін қайықтың иегері атанды.


 





Яндекс.Метрика