Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Құқыққорғау қызметіне алғаш келушілер үш кезеңді іріктеуден өтеді

Құқыққорғау қызметіне алғаш түсушілер үш кезеңді іріктеуден өтеді. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министр Нұрлан Ыбырайым министрліктің кеңейтілген отырысында.
Астана қаласы23 Шілде , 10:02

«Мемлекеттік қызметті жетілдіру  құқыққорғау қызметінің мемлекеттік қызметке жақындастыру шараларымен жүзеге асырылады. Мемлекет басшысының 14 маусымдағы Ұлттық комиссия отырысындағы  тапсырмасы бойынша, биылғы жылы құқық қорғау қызметіне алғаш келген  азаматтар министрлікте тестілеуден өтеді», - деді Н.Ыбырайым.

Осы орайда, Министрлік құқыққорғау органдарымен бірлесіп аталмыш тапсырманы жүзеге асыру үшін кезекті жоспарды әзірледі.

«Қазіргі таңда құқыққорғау қызметіне азаматтарды үш кезеңді қабылдау бойынша дайындық жүргізілуде. Атап айтсақ, сәйкес тесті сұрақтары мен кандидаттарды тестілеу қарастырылуда», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика