Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

ШҚО-да Қоғамдық кеңестің жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асудағы рөлін талқылады

Қоғамдық кеңестер барлық мемлекеттік органдарға еркін кіре алады және кейбір мәселелерде олардың жұмыс тобына да қосылуға мүмкінідктері бар. Ондай құзырет Қоғамдық Кеңеске мемлекеттік органдардың қызметін бақылауға, олардың әрекеттерінің заңдылығын қадағалауға мүмкіндік береді. Яғни, жемқорлық әрекеттердің төмендеуіне ықпал жасай алады.
Шығыс Қазақстан 22 Шілде, 19:34

ШҚО-да Қоғамдық кеңес 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. «Қоғамдық кеңес туралы» заң қабылданғаннан бері оның құзіреті кеңіді, деп хабарлайды ақпарат орталығы.

Бұл мемлекеттік органдарды халықтың барлық этаптан нәтижеге дейінгі аралықта бақылап отыруы үшін енгізілген механизм. Қоғамдық кеңестің ұсыныстарын мемлекеттік органның қарауы міндетті болып табылады.

«Заңның аталмыш баптары жемқорлық әрекеттерін төмендетуге бағытталған, мемлекеттің мүлкін басқаруда ашықтықты қамтамасыз етеді»,-деді Облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышев.

Бұдан бөлек, конференция барысында денсаулық сақтау мен ТКШ секторларындағы жемқорлық әрекеттері талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беруде де проблемалар бар екені айтылып қалды. Жиында мемлекет мүлкінің қатаң бақылануы керектігі сөз болды. 





Яндекс.Метрика