Өңірлер

М.Саудагеров: Астанада қант бағасы жақын уақытта 6 теңгеге арзандайтын болады

Астанада қант бағасы жақын уақытта 6 теңгеге арзандайтын болады, деп хабарлады «Мир круп» компаниясының директоры Мұхамедияр Саудагеров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы22 Шілде , 16:53

«Біздің компания Астана қаласына азық-түліктің бакалеялы өнімдерін жеткізуші негізгі компаниялардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда бізде Астана қаласы әкімдігімен келісім бар және қант бағасы жақын уақытта алты теңгеге арзандайтын болады. Бұл бағаны жаңа өнім алынғанша ұстап тұратын боламыз. Шамамен бір айдай баға ойнамалы болып тұрады»,-деді М.Саудагеров.

Еске сала кетейік, Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жүргізіліп отыратынын және оның қортындысы бойынша 21 позицияда баға өсімі бақыланады, деген болатын.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика