Өңірлер

Астанада тікелей өндірушілерден ауыл шаруашылық өнімдерін сататын 6 қосымша орын анықталды

Астанада тікелеу өндірушілерден ауыл шаруашылық өнімдерін сататын тағы да 6 қосымша орын анықталды, деп астананың әкім орынбасары Андрей Лукин ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы22 Шілде , 16:38

Астана қаласының әкімдігі күн сайын әлеуметтік-маңызы бар сатылымдағы тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізіп отыратындығын айтты.

Әкім орынбасарының айтуы бойынша, әлеуметтік-маңызы бар тауарлардың бағаларының өсуіне орай, келесі шаралар қолданылады.

«Бірінші. Әкімдікпен бүгінгі күні ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізу тапсырмасы берілді және жұма сайынғы кесте күнсайынғыға ауысты. Бүгінгі таңда біз елордада 39 ауыл шаруашылық жәрмеңкені ұйымдастырдық, ол жерде тауарлар нарық бағаларынан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады және өнімдер шамамен 736 тоннаға сатылады.

Екінші. Жәрмеңке өткізетін жерлерді ұлғайттық. Тікелей өндірушілерден ауыл шаруашылық өнімдерін сататын тағы да 6 қосымша орын анықталды.

Үшінші – республиканың аймақтарынан әкелінетін ауыл шаруашылық тауарларының кестесін келістік. Бүгінгі күні келісім Қазақстанның 8 аймағымен  жасалды. Олар: Алматы, Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, павлодар, Қызылорда, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары. Көбінесе, біздің әкімдіктің арасында өнімдерді тікелей жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Төртінші. Біз «жасыл дәліз» жасадық десек болады, яғни ауыл шарушалық жәрмеңкесі үшін көліктерге тиелген өнімдер еш кедергісіз, уақытылы жетуін қадағалау.

Бесінші. Біз тауардың негізгі топтарына талдау жұмыстарын жүргізетіндермен кездесу өткіздік.

Алтыншы. Жәрмеңкеде сатылатын өнімдердің тізімі ұлғайтылды. Көбінесе азық-түлік өнімдері қосылды – олар шәй, қант, жарма, макарон өнімдері, сұйық май»,-деді ол.

Сонымен қатар, А.Лукин әлеуметтік-маңызы бар азық-түліктерге ешбір түсініксіз қосылған бағаларға тиісті шаралар қолданылып жатқандығын, нарық қатысушыларының арасындағы сөз байласуын айтып өтті.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика