Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Ұлттық кардиохирургия орталығында жүзінші пациентке жасанды жүрек қарыншасы имплантацияланды

26 қарашада ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығында жүзінші пациентке заманауи әдіспен жасанды жүрек қарыншасы имплантацияланды, деп хабарлайды «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Қараша , 16:21

«Бірнеше жыл бұрын мұндай операция елімізде жасалмайтын», - делінген хабарламада.

Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығына ат басын тіреген әлемдік мамандар отандық кадрларының еңбегін жоғары бағалады.

«Мен мұндай деңгейдегі операция жасалынады деп ойламаппын. Байқағанымыз, сіздерде кардиохирургия өте жедел даму үстінде. Оны біз жас мамандардың шеберлігінен байқадық. Және де заманауи қондырғылар мен керек-жарақтар да заман талабына әбден сай», - дейді Техас жүрек институты хирургия және жүрек-қан-тамыр зерттеуінің директоры Оскар Фрейзер.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында донорлық жүрек трансплантациясы жасалған еді.

Осы жылдың 7 қарашасында екінші жүрек трансплантациясы сәтті жүргізілді. Айта кетерлігі, ондағы жүрек Алматыдан Астанаға теңдессіз әдіс арқылы шебер жеткізіле білді. Оған TransMedics (АҚШ) аппараты қолданылды.

«Осындай нәтижелерге қол жеткізу тек қана Назарбаевтың «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының арқасында келді», - деп ойлайды орталық мамандары.




Яндекс.Метрика