Басқару

Астана әкімдігі әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жүргізіп отырады

Астана әкімдігі әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жүргізіп отырады, деп хабарлады астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы22 Шілде , 16:04

«Астана әкімдігі әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жүргізіп отырады. Мониторинг қортындысы бойынша 21 позиция бойынша баға өсімі бақыланады. «Сапа нан» ЖШС өндіретін бірінші сорт бидайынан дайындалатын бір бөлке нанның бағасы 60 теңгеден 70 теңгеге көтерілді. Бір-бірден сату бағасы 80 теңге болды. «Сапа нан» жалпы баға жағдайы әсер еткен негізгі өндіруші болып табылады. Өндіруші нан бағасының көтерілуін шикізаттың қымбаттауымен түсіндіреді»,-деді А.Лукин.

Оның айтуынша, азық-түлік бағасының өсуі шикізаттың қымбаттауымен байланысты.

«Қанттың қымбаттауы қант шикізаты құнының өсуімен байланысты. Тоннасы 354 доллардан 477 долларға көтерілген. Күнбағыс майы бағасының өсуі Eurasian Foods Corporation, «Прима дистрибьюшн» ЖШС, «ВНК Гастромакс» ЖШС-де орташа 10,8%-ға қымбаттаумен байланысты. Азық базасында және дәрілік заттар бағасының көтерілу жұмыртқа мен құс етінің қымбаттауына әкеп соқты. Тағы да осы сияқты азық-түлік тауарларының қымбаттауы көбінесе шикізат бағасының өсуімен тікелей байланысты болып тұр»,-деп түсіндірді ол.

Осыған орай әкім орынбасары жеміс-көкөніс өнімдері бағасының көтерілуі бұрынғы өнімдердің азаюуы мен жаңа шыққан өнімдердің қымбатшығымен байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, Лукин Астанадағы баға жағдайы басқа аймақтармен салыстырғанда орташа деңгейде деді.

«Астанада күнбағыс майы 9,7%ға қымбаттаса, бұл Оңтүстік Қазақстан облысында 32,4%-ға өскен»,-деді. 

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика