Халықаралық интеграция

Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан арасында ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқыланды

Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының білім және ғылым министрі Нұриддин Саидпен кезедсу өткізді. Кездесу барысында ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Әлемде22 Шілде , 18:59

Н.Саид сөз барысында білім саласында ынтымақтастықтың дамуының оң динамикасын атап өтті. Білім беру саласында ынтымақтастық туралы Қазақстан Үкіметі мен Тәжікстан арасындағы Келісім аясында тараптар бакалавриат (40 адам) пен магистратура (10 адам) бағдарламалары бойынша жыл сайын студенттерімен алмасып отырады, деп ҚР СІМ хабарлайды.

Өз кезегінде Н. Сейтімов министрге Қазақстандағы білімнің жүйесін, дамуы мен реформасын әңгімеледі. Сонымен қатар, шығарылатын кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында және білім беру секторының экспорттық әлеуетін өсіруде қазақстандық мектептер мен ЖОО-лар кезең бойынша ағылшын тілінде оқуды бастайтындығын айтты. 

Аталмыш мәнмәтінде қазақстандық дипломат өзінің әңгімелесушісін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша Ұлт жоспары «100 нақты қадамымен» таныстырды. 




Яндекс.Метрика