Басқару

Қазпошта аты аңызға айналған қазақ барлаушысы Мөрәлі Шәменовке арналған пошталық марканы айналымға енгізді

«Қазпошта» АҚ атақты әскери барлаушы, Фин және Ұлы Отан Соғысының қатысушысы, белгілі қоғам қайраткері Мөрәлі Шәменовтің туғанына 100-жыл мерейтойлық күнге арналған «Естелік және мерейтойлық күндер» сериялы пошталық марканың айналымға енгізілгенін хабарлайды.
Астана қаласы 22 Шілде, 19:46

Пошталық маркада соғыс қимылдарының қатысушысы, барлау офицері, ержүрек жауынгер, Жеңістен соң әскери қызметін Шығыс Германияда жалғастырған Мөрәлі Шәменов бейнеленген, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Барлау офицері, капитан Шәменов Балтық маңындағы және Белоруссия майдандарының 326 Атқыштар дивизиясының қорғаныс және шабуылды ұрыстарының қатысушысы болған, оның басшылығымен көптеген шолу операциялары мен жауынгерлік істері сәтті өткізілген.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін партия қызметкері, журналист, қоғам қайраткері, ауылшаруашылығының өндірісші маманы болған.

Әскери ерлігі мен еңбектегі қызметі үшін Мөрәлі Шәменов Ленин, Қазан төңкерісі, Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, Қызыл жұлдыз, «Құрмет белгісі» және басқа да көптеген медальдармен марапатталған.

Пошталық марка офсеттік басылымда 2 бояумен 105 маркадан тұратын маркалық парақ түрінде шығарылған. Жиегі ирек тісті. Марка өлшемі 26Х18 мм. Пошталық марканың номиналы – 50 теңге. Таралымы 2 000 000 дана. Суретші – Сергей Маршев. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкноттық фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылған.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика