Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2016 жылдың 6 айында 78,4 мың адам ЖҚЖК қатысушысы атанды - ДСӘДМ

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен ҚР ДСӘДМ-нің ағымдағы жылдың 6 айындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметінің қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті.
Астана қаласы22 Шілде , 19:17

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова аталған жобаның еліміздің 132 ауданы мен қалаларында жүзеге асырылып келе жатқанын мәлімдеді.

2016 жылғы 1 шілдедегі жағдайға сәйкес жұмыспен қамту шараларымен жобаның жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған жұмысқа жарамды азаматтарының 99,4%-ы қамтылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«Пилоттық жобамен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстары, сонымен қатар, Астана және Алматы қалалары толығымен қамтылды. Жобаны жүзеге асыру оның қатысушыларының жан басына шаққандағы орташа табысын 2,6 есеге арттыруға көмектесті. 2016 жылы республикалық бюджеттен аталған пилоттық жобаны жүзеге асыруға 1,4 млрд. теңге бөлінді», - деп хабарлады Светлана Жақыпова.  

Еңбек нарығындағы жағдай мен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасын жүзеге асыру шаралары туралы Вице-министр Біржан Нұрымбетов баяндады.

Ол 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына 78,4 мың адам, оның ішінде жұмыссыз азаматтар – 53,1 мың (67%), өзін өзі жұмыспен қамтығандар – 25,3 мың адам (32%) қатысқанын атап айтты.

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар  арасында аз қамтылғандар үлесі 3 мың 340 адамды, мүгедектер – 2 мың 594 адамды құрайды. 29 жасқа дейінгі жастар үлесі 46,2% (36 мың 206 адам), әйелдер – 45,8% (35 мың 968 адам) болып отыр.

2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 100,8 млрд. теңге бөлінді.

Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысының тапсырмасымен «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы жаңғыртылғанын еске салды.

«Қысқартылған жұмыс уақытына төленетін жалақыны (Германия тәжірибесі) уақытша субсидиялау, қызметкерлерді оқыту үшін жұмыс берушілерге гранттарды беру, жұмыс істейтін жастарды кәсіби оқыту арқылы жұмыс орындарын сақтау тетіктері жасалды. Сонымен бірге, микрокредиттеу тиімділігін арттыру, қызмет көрсету саласындағы жұмыспен қамтуды ұлғайту арқылы жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қарастырылған», - деп хабарлады ол.

Сонымен бірге, жиында арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту; мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым нысандарын паспорттау мен бейімдеу; мүгедектерді оңалтудың техникалық қосалқы (компенсаторлы) құралдарымен уақытылы қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика