"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы

«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер 5 облыстың шалғай аудандарына барады

25-31 шілде аралығында «Денсаулық жолы - 2016» республикалық акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер (әрі қарай - ЖМК) Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола облыстарының шалғай аудандарына барады.
Казахстан22 Шілде , 18:16

25 шілдеде ЖМК Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Крыловка ауылына барады. 25-29 шілде аралығында Павлодар облысының Шарбақты, Ертіс аудандарының түрғындары терапевт, педиатр, офтальмолог, оталаринголог, стоматолог, гинеколог дәрігерлерінің кеңесін алып, анализдер тапсырып, рентгендік тексеруден өте алады, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы кезең аралығында Батыс Қазақстан облысының Ақжай, Тасқалы, Сырым, Шыңғырлау аудандарына флюорографиялық тексеру жүргізіледі.

Маңғыстау облысы Маңғыстау және Бейнеу аудандарының тұрғындары 26-27 шілдеде тегін скринингтік тексеруден өтіп, окулист, офтальмолог, терапевт, пульмонолог, кардиолог пен педиатр мамандарынан кеңес ала алады.

27-29 шілде аралығында Ақмола облысының Шортанды, Целиноград, Ақкөл аудандарына бейінді мамандардың баруы жоспарланып отыр специалистов (невропатолог, кардиолог, уролог, нефролог, гастроэнтеролог, инфекционист, пульмонолог, ревматолог, травматолог, окулист, логопед және аллерголог).

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.




Яндекс.Метрика