Басқару

Ұлттық экономика министрі Астана базарларындағы бағалардың негізсіз өсуіне байланысты тексеру жүргізді

Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев және Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев астаналық базарларға барып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына ерекше көңіл бөлді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Шілде , 14:32

Статистика комитетінің деректері бойынша Қазақстандағы инфляция  2016 жылдың басынан 4,6 %-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бағасының    5%-ға өсуі  инфляцияға негізгі салым болды. Осыған орай, ең қажетті тауарлар және әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасының  негізсіз өсуіне жол бермеу ерекше маңызды.

Осы мақсатта ұлттық экономика министрлігімен апта сайын статистика комитетінің,  «Казагромаркетинг» АҚ және жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сүйене отырып, азық-түлік тауарлары бағаларына мониторинг жүргізіледі.

12-19 шілде аралығында 33 атауды қамтитын әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы республика бойынша 0,3%-ға өсті. Өткен апта бойынша қырыққабат, қант, жұмыртқа және шәй бағасының ең көп өсуі байқалды. Нан өнімдері ішінен ұн және макарон өнімдері қымбаттады.

Бағаның күрт өсуі мен тапшылығына байланысты қант нарығындағы жағдайды зерттеуге ерекше көңіл бөлінді. Республика өңірлерінде орташа есеппен қанттың бөліп сату бағасы 25%-ға өсті. Қант бағасының өсуі жыл сайын жаз мерзімінде халықтың сұранысы жөғарылаған кезде байқалып отырады.

«Бүгінгі күннен бастап өнімдер бағаларының негізсіз көтерілуі туралы барлық фактілер мен өтініштер бойынша тексеріс басталады, әсіресе әлеуметтік маңызды тауарларға қатысты. Тексеріс бүкіл Қазақстан бойынша жүргізіледі» - деп хабарлады Бишімбаев.

Қазіргі уақытта монополияға қарсы орган қызметкерлерінің әрекеттері қант нарығында туындаған жағдайды зерттеуге бағытталған. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық департаменттерімен көтерме және бөлшек сауда қант-құм сатушыларының әрекеттері зерттелуде. Бірінші тексеріс Қарағанды облысында бөлшек сауда желілерінде маусыммен салыстырғанда шілдеде 238-244-тен 260-290 дейін 1 кг қант бағасының күрт көтерілуі, сондай-ақ облыста қант тапшылығы туралы өтініштер түскеннен кейін басталды.

Бұдан басқа, ұн мен нан бағасының көтерілуі монополияға қарсы әрекет етудің шараларын қолдану үшін негіз болды. Қазір Астанада 2016 жылдың 1 жартыжылдығында бірінші сұрып ұннан жасалған нанның көтерме сауда өткізудің талдауы жүргізілуде.

Бишімбаев және Исекешев Шарын, Шанхай, Шапағат нарықтарында сауда нүктелерінің сатушыларымен әңгімелесті, сонымен қатар Еуразия сауда орталығына және Магнум дүкеніне барды. Олар тұрақты және дәлелді баға саясатын, атап айтқанда әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына ұстану қажеттілігін белгілеп алып-сатарлықтан сатушыларды абайлатты.  

 




Яндекс.Метрика