Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Б.Сапарбаев: 2016 жылы Ақтөбе облысында жұмыспен қамту шараларымен 19 мыңнан астам адам қамтылатын болады

Ақтөбе облысынды 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында 8 мың жұмыс орыны құрылды, деп хабарлады аймақ әкімі Бердібек Сапарбаев журналистермен кездесуі барысында.
Ақтөбе22 Шілде , 15:26

2016 жылы жұмыспен қамту шараларымен Кешенді жоспар аясында 19 мыңнан астам қамтылатынын атап өтті. Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жоспар 60 пайызға орындалған. 7,9 мың жаңа жұмыс орыны құрылды, 6,8 мың жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. 2015 жылмен салыстырған бұл көрсеткіш 34,4% деңгейінде жоғары.

«2016-2018 жылдарға арналған Жұмыспен қамту картасы әзірленді. Соның аясында жұмыссыздар туралы нақты деректер анықталды. Әр елді мекенде үй-үйді аралау жұмыстары жүргізілуде. Осылайша халықты жұмыспен қамтудың нақты жоспарлары анықталатын болады»,-деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар облыста жұмыспен қамту саясаты белсенді түрде жүргізілуде. Кәсіпкерлікті дамыту және ауылды жерлерде жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «Ауылда жұмыспен қамту» пилоттық жобасы жергілікті жерлерде жүзеге аса бастады. Мал сатып алуларына немесе басқа да аулы шаруашылық өнімін өндіремін деушілерге 3 миллионнан 6 миллион теңгеге дейін шағын несие берілуде.

Соңғы мәлімет бойынша, пилоттық жоба мүмкіндіктерін 550-ге жуық ауыл азаматтар пайдаланған. Жобаның жалпы қоры – 2,5 млрд. теңге.




Яндекс.Метрика