ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Ю.Денисенко: Дін мәселесі бойынша «114 жедел желісі» – ТМД кеңістігіндегі теңдессіз бастама

«114 жедел желісі» - ТМД елдеріндегі алғашқы болып отырған жоба, деп мәлімдеді «114 жедел желісі» ақпараттық-кеңес беру орталығының жетекшісі Юлия Денисенко ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Астана қаласы28 Қараша , 15:59

«Жедел желі- 114» орталығы азаматтардан және ұйымдардан дін саласына қатысты сауалдар қабылдау және оларға кеңес беру үшін, сондай-ақ теріс діни ағымдардың қызметінен зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету үшін құрылып отыр», деді Юлия Денисенко.

«Жедел желі» Қазақстанның барлық аумағына тәулік бойы қызмет көрсетеді және ол тек еліміздің ғана емес, бүкіл Достастық кеңістігіндегі осындай алғашқы орталық болып табылады. Дегенмен, орталық кешеге дейін пилоттық режимде жұмыс істеп келгеніне қарамастан, оған түсіп жатқан қоңыраулар мен өтініштер, мұндай жобаларға қажеттіліктің бар екенін көрсетуде», дейді Ю.Денисенко.

Ю.Денисенконың айтуынша, «Жедел желі» теріс діни ағымдардан зардап шеккендерге жәрдем көрсететін орталықтармен, еліміздің өңірлеріндегі басқа да дағдарыс және оңалту орталықтарымен байланыс орнатуда, сондықтан да түрлі мәселе бойынша еліміздің кез-келген өңіріндегі мамандармен жедел байланысқа шығудың мүмкіндігі зор.




Яндекс.Метрика