Басқару

ҚР Бас прокуратурасы «Еш жалғансыз іскерлік тұрғын үй» жобасын іске қосады

Қазақстанның Бас прокуратурасы «Еш жалғансыз іскерлік тұрғын үй» жобасын іске қосады, деп Бас прокурор Жақып Асанов бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті.
Астана қаласы22 Шілде , 13:02

«Көбісі пәтер алу үшін барлық жинаған қаражаттарын жұмсады. Алайда, оларды алдап кетті. Олар үй салушылармен келіскен кездері, олардың арасында мемлекет болған жоқ және болмауы тиіс. Бұл жерде азаматтық қарым-қатынас. Бұл мәселе Президентпен де талай рет айтылды. Нәтижесінде, ол тұрғын үйге қолдары жетпей жүргендерге көмек көрсету бойынша тура тапсырма берді»,-деді Бас прокурор.

Ж.Асановтың айтуынша, аяқталмаған нысандар Ұлттық банк қаражаттарына құрылыстарын аяқтады және оған 460 млрд теңге қаражат кетті.

«Сол кездері заң қабылданды, қатал талаптар қойылды.  Алайда үй салушылар амалдар тауып жүрді, инвестициялық келісім жасаса бастады. Ол іскерлік сияқты, тек үйдің құрылыс аяқтала ма жоқ па соған байланысты ешбір кепілдеме берілмейді, яғни олар қайтадан заңды айналып өтті деген сөз. Біз оның барлығын көрдік, ешкімге тіс жарған жоқпыз, бір амалын күттік. Қазір 60 проблемалы нысан қалды. Олар барлығының талқылауында жүр:  «Азбука жилья», «Аль-Баракат», «Тамыз» және тағы басқалар. 9 мыңнан астам отбасы баспанасыз. Әрине, мәселелердің шешімге келуі тек бізге ғана байланысты емес. Инвесторлар қажет. Прокурорлар өз тараптарынан жедел түрде тергеу жасаулары керек»,-деді Ж. Асанов.

Сонымен қатар, ведомство басшысының айтуынша, осыған орай осындай мәселелердің қайталанбауына жол бермеу керек. Қазан айынан бастап жаңа заң күшіне енеді.

«Ендігі күні азаматтардың қаражаттары іскерлік қатысу туралы келісім бойынша жұмылдырылатын болады. Ал келісімнің басқа түрі жарамсыз. Қазір уақыт болып тұрғанда, тұрығндарды, егер олардың келісімдері іскерлік құрылыс туралы айтылмаса, онда қауіп олардың өздеріне түсетіндігін, ал мемлекеттің еш кінәсі болмайтындығын үйрету керек. Оның барлығын әрбіреуіне түсіндіру керек. Ол үшін «Еш өтіріксіз іскерлік тұрғын үй» жобасы іске қосылады»,-деді ол

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика