Адами капитал

ШҚО-да арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу пилоттық жобасы басталды

Шығыс Қазақстан облысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша БҰҰ Дамыту бағдарламасы мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің пилоттық жобасы басталды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан22 Шілде , 17:36

Аталған үлгі кешенді арнаулы қызметті, әртүрлі көмек түрлерін бағыттауды, көмекке зәру отбасыларын мемлекеттік қолдау көрсету шараларымен қамтуды күшейтуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында білім беру, денсаулық сақтау жүйесі, әлеуметтік қорғау және тағы басқа салалардың әлеуметтік қызметкерлері жұмысын үйлестіру тетіктері әзірленетін болады. Ол арнаулы көмекке зәру азаматтарға қызметті «бір терезе арқылы» көрсетуге мүмкіндік береді.

2016 жылғы 21-22 шілдеде Өскемен қаласында «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу» атты екі күндік тренинг өткізіледі. Халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер салаларының, үкіметтік емес ұйымдардың 100 маманына арналған 4 тренинг өткізу жоспарланып отыр. Оқу аяқталғаннан соң мамандар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша қалалық, аудандық мультидисциплинарлық командалардың құрамына енгізіліп, облыстағы біріктірілген үлгіні енгізудің жеткізушісі болады.

 




Яндекс.Метрика