Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Жамбыл облысында жаңа асфальтобетон зауыты 2 мыңнан артық өнім шығарады

Жамбыл облысында жаңа асфальтобетон зауыты жұмыс істейді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл22 Шілде , 13:47

Зауыттың негізгі қызметі автокөлік жолдарың жөндеу және құрылыс жүргізуге қажетті материалдар дайындау болып табылады. Зауыттың жылдық құрылыс материалдарың шығару қуаттылығы 50 000 м³.

«Тараз Көлік Жолы» ЖШС-гі  2015 жылдың 1 жарты жылдығында өңірлік индустрияландыру картасына енген. Жоба мемлекеттік экспертизадан өтті. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған.

Жоба Жаңатас қаласы шекарасында 5 га жерде іске қосылған. Жобаның жалпы құны 250,0 млн. теңге. Бюджетке салық төлемдерінің жылдық көлемі 54 млн. теңгені құрайды.

Бүгінгі күнге зауыт 1200 тонна дайын асфальт пен 1000 тонна қиыршық тас өнімін өндірді. Зауытта 20 адам жұмыспен қамтылған. Зауыт толық қуатына көшкен уақытта қосымша 30 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Кәсіпорын өнірді сапалы өніммен қол жетімді бағамен қамтамасыз етеді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика