Инвестициялар

Жыл басынан бастап ҚазАгро 8,3 млрд.теңге сомасына 10 кооперативті қаржыландырды

Жыл басынан бастап ҚазАгро 8,3 млрд.теңге сомасына 10 кооперативті қаржыландырды,деді «ҚазАгро» холдингінің Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов бүгін ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы22 Шілде , 12:39

«Жылдың басынан бастап (15.07.16 ж. жағдайында)  жинау техникаларын сатып алуды қаржыландыру шеңберінде 8,3 млрд.теңге сомасына 461 бірлік техника сатып алу қаржыландырылды (жоспар - 20,5 млрд.теңге, жоспардың орындалуы  40,5 %-ды құрады)», - деді Н.Малелов.

Кооперациялар мен ынтымақты жауапкершілік  принциптерінде астық өндірушілердің бірлестіктерін  ынталандыру шеңберінде 2016 жылы Холдингтің  екінші деңгейлі банктер арқылы егістік жұмыстарын жүргізу үшін оларды қаржыландыруды жалғастырғанын атап өту қажет.

«Егер, өткен жылы біз аймақтық астық кооперативтерінің  2 пилоттық жобасына қолдау көрсеткен болсақ, 2016 жылдың басынан бастап Холдингпен Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында 10 Бірлестік қаржыландырылды, 212 қатысушының егістік алаңының көлемі 726 мың гектарды құрады, қаржыландыру сомасы – 8,3 млрд. теңге», - деді ол.

Оның айтуынша, биылғы жылы кооперативтерді қаржыландыру бағдарламасына «Банк RBK» АҚ және «Банк Астана» АҚ тартылды. Холдинг өз тарапынан бюджеттік несие қаражаты есебінен банктерді қорландыруды қамтамасыз етті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика