Инвестициялар

ҚазАгро көктемгі егістік жұмыстарына 85 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Бюджеттік несие қаражатының және бюджеттен тыс көздер есебінен 3363 өтінім қаржыландырылды, егістік алаңы 6,5 млн.га, жалпы 85,3 млрд. теңге сомасына шамамен мың бірлік егістік техникалары сатып алынды, деді «ҚазАгро» холдингінің Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов бүгін ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы22 Шілде , 12:14

“Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығындағы басты аграрлық шараларды – егін егу мен жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін «ҚазАгро» холдингіне 60 млрд.теңге сомасына бюджеттік несие берілді ол қарыз түрінде Холдинг пен екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) арасында келесі бағыттар бойынша бөлінді: ауылшаруашылық тауар өндірушілерін (АШТӨ) тікелей несиелеу және шағын қаржы ұйымдары (ШҚҰ) мен ААО     арқылы несиелеу (36 млрд. теңге),әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) кепілдігімен астықты форвардтық сатып алу (15,4 млрд. теңге),екінші деңгейлі банктер арқылы аймақтағы астық кооперативтерін қаржыландыруға (8,6 млрд. теңге)”, - деді Н.Малелов.

Осы жылдың 20 шілдесі жағдайында бюджеттік несие шеңберінде 58,4 млрд. теңге сомасына 2514 ауылшаруашылық тауар өндірушілері (АШТӨ) қаржыландырылды, егістік алаңы 5 млн.гектар.  Соның ішінде, астықты кепілдікпен форвардтық сатып алуға 14,1 млрд.теңге сомасына 1718 АШТӨ қаржыландырылды, егістік алаңының көлемі 2,3 млн. га;

Н. Малеловтың айтуынша, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) кепілдігімен тікелей несиелеуге шамамен 2 млн.гектар алаңға егін егу үшін 36 млрд.теңгеге 584 АШТӨ қаржыландырылды.

“Бұдан басқа, көктемгі-егіс жұмыстарын (КЕЖ) қаржыландыру бюджеттен тыс қаражат есебінен де жүзеге асырылады: несие серіктестіктері жүйесі және шағын қаржы ұйымдары арқылы несиелеуге  6,7 млрд. теңге бағытталды, ол шамамен 1,1 млн. гектар егістік алаңындағы 482 АӨК субъектілерін қамтиды;332,7 мың гектар алаңға 365 өтінімді тікелей несиелеуге қосымша 4,3 млрд. теңге бағытталды.егістікке қажет ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін 15,2 млрд.теңгеге 954 қаржы лизингі шарты жасалды. Бұл бағыттың шеңберінде 594 трактор, 131 дәнсепкіш пен басқа да егістік техникалары жеткізілетін болады”, - деді ол.

Осылайша, Басқарма Төрағасы Н.Малелов атап өткендей, бюджеттік несие қаражатының және бюджеттен тыс көздер есебінен 3363 өтінім қаржыландырылды, егістік алаңы 6,5 млн.га, жалпы 85,3 млрд. теңге сомасына шамамен мың бірлік егістік техникалары сатып алынды.  Салыстырмалы түрде, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 3220 АӨК субъектісі қаржыландырылды, 76,5 млрд.теңгеге 1278 бірлік техника сатып алынды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика