Экономика

Алғаш рет қазақстандық кәсіпорын Қарулы Күштердің әскери техникасына арналған дизельді қозғалтқыштарды жөндеуді қолға алды

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін отандық «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ алғаш рет дизельді қозғалтқыштарды жөндеу бойынша жобаны іске асыруда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 22 Шілде, 20:09

Бұл мақсаттар үшін кәсіпорында арнайы учаске ұйымдастырылған. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тағы мамандардың айтуынша, әскери бөлімдердің біріндегі оқу-жауынгерлік топтың броньды танкті қару-жарағында бөлінген қозғалтқыштардың пилоттық партиясы сынақтан сәтті өтіп ұлгерді. Қазіргі уақытта олар орнатылған Т-72 және ЖӘЖМ-2 танктері жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды пайдаланылады.

 «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ТЖМ мен өзге де ұйымдардың бөлімшелерімен пайдаланылатын шынжыртабанды тартқыштардан бастап дизельді электр станциялары мен қар тазалағыш шнекті-роторлық машиналарға дейінгі әртүрлі көлік машиналарында орнату үшін арналған дизельді қозғалтқыштарды жөндеудің барлық түрлерін жүргізеді.

Бұл салада нормативтік-техникалық құжаттаманың барлық талаптарын сақтай отырып, кәсіпорындағы күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды білікті мамандар орындайды. Дизельді қозғалтқыштар мен отындық аппаратураны жөндеу және диагностикадан өткізу кәсіби жабдық қолданыла отырып жүргізіледі.
 

 

 





Яндекс.Метрика