Халықаралық интеграция

Қазақстан елшісі Грекия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Волков Грекияның Президенті Прокопис Павлопулосқа сенім грамоталарын тапсырды. Рәсім Афинадағы Президент сарайында өтті.
Әлемде22 Шілде , 11:49

Рәсімнен кейін орын алған сұхбат барысында грек басшысы қазақстандық елшісін лауазымға тағайындалуымен құттықтай отыра, қазақстандық-грекиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталатын жұмысына сәттілік тіледі. П. Павлопулос грек тарапы екіжақты қатынастарды жан-жақты дамытуға қызығушылық танытып, мүдделі екендігіне тоқталды.

Өз жауап сөзінде елші Грекия секілді тарих пен мәдени мұраға бай мемлекетте қызмет жасау үлкен мәртебе мен жауапкершілік екенін айтты. А. Волков Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ең жылы ықыластарын жеткізді. Екіжақты қатынастарды әрі қарай өрбіту перспективаларын талқылап, шарт-құқықтық базаны кеңейту, туристік потенциалды жаңа деңгейге көтеру, қазақстандық-грекиялық сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық  ынтымақтастығын алға жылжыту маңыздылығын атап өтті. Елші грек тарапын 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, Грек Республикасының «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мен екі мемлекет арасындағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыру мәселелері төңірегінде сөз қозғады.

Өз кезегінде Грек Президенті Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктерін ерекше бағалап, Грекияның Қазақстанмен саяси және экономикалық байланыстарды нығайтуға  мүдделі екендігін қайта айрықша атап өтті және Президент Н. Назарбаевқа адал тілектерін жеткізуді сұрады.




Яндекс.Метрика