Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ж.Асанов: Ұлт жоспары прокурорлардың кәсіби корпусын құруға мүмкіндік береді

Ұлт жоспары «100 нақты қадам» прокурорлардың кәсіби корпусын құруға мүмкіндік береді, деп Бас прокурор Жақып Асанов бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті.
Астана қаласы22 Шілде , 11:17

«Кадрлар бойынша жасалып жатқан жұмыс – бұл «100 нақты қадамды» іске асыру. Біз үшін оның құндылығы - прокурорлардың кәсіби корпусын құруға мүмкіндік алу»,-деді Ж.Асанов.

Бас прокурордың айтуы бойынша, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» мемаппаратқа ең үздіктердің келуіне апаратын жол.

«Екі маңызды қағиданы айтайын. Біріншіден, жылына 30 мыңнан астам заңгерлер оқытылып шығарылады. «100 қадам» ЖОО-ны өз өнімдерінің сапасына қарауға мәжбүр еткізеді. Адамдар да білімсіз мемлекеттік аппаратқа, әсіресе, бас прокурорға жұмысқа тұруға мүмкін еместігін түсінетін болады. Жұмысқа түру үшін байланыс іздеу де текке тұрғысыз болады. Екіншіден, кандидаттардың тұрмыс қалпы. Олар студенттік күндерінен бастап белсенді азаматтық позицияларға, әлеуметтік жобаларға қатысулары керек және олар осының барлығы басымдылық көрсететіндігін және іріктеу кезінде жоғары бағаланатындығын түсінулері керек»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика