ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Қазақстандық дінтанушылар азаматтардың кез келген сұрақтарына жауап беруге дайын – М. Әзілханов

Қазақстандық дінтанушылар ел тұрғындары мен e-islam интернет порталының қолданушыларының кез келген сұрағына жауап беруге дайын. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Марат Әзілханов мәлімдеді.
Астана қаласы28 Қараша , 15:40

«e-islam ақпараттық-насихаттық порталының қызметі Қазақстандағы дәстүрлі исламдық құндылықтарды анықтауға бағытталған. Сондай-ақ, эксремизм мен терроризмнің насихаттау қызметін де қарастырады. Портал рухани құндылықтарды ашып, қоғамға өзге діни ағымдардың әсер етпеуінің алдын алу жұмыстарына бағыттайды», - деді М. Әзілханов.

 Оның айтуынша, порталдың құрылуындағы басты мақсат ислам туралы кешенді білімді жетілдіру. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Бүгінде порталдың  басты беті негізгі айдарлар мен 12 қосымша бөлімге бөлінген. Оның ішінде: «Ислам», «Қазақстандағы Ислам», «Қоғамдағы Ислам», «Ислам – жақсылық пен діндер диалогының  діні» айдарлары бар.  

«Жаңалықтар лентасы Қазақстан мен әлемде болған жаңалықтарды күнделікті шығарып отырады. Көптеген өзекті сұрақтарды қарастыратын өзекті айдарлар да бар», - деді М. Әзілханов.

15 күн ішінде порталды 3000 мың адам тамашалаған, күн сайын қолданушылар саны өсуде.

«Айта кетерлік жайт, порталда сарапшылар жолағы орналасқан. Ол бөлімде Қазақстандық дінтанушылар кез келген тұтынушының барлық сұрақтарына жауап бере алады. Сондай-ақ, үлкен кітап қоры бар,бүгінде тұтынушылар 1000 кітапты жүктеп алған. Жалпы, порталда 2000 өзекті мақала бар. e-islam порталының қызметі мен мақалалары өте пайдалы деп есептеймін», - деді ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы.




Яндекс.Метрика