Басқару

Қазақстанның прокуратура органдарына маман іріктеуде 4 әдіс енгізілуде

Қазақстанның прокуратура органдарына маман іріктеуде 4 құрал енгізілуде, деп хабарлады Бас прокурор Жақып Асанов бірінші жарты жылдықтың қортындысына арналған ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Астана қаласы22 Шілде , 11:08

«Қазір іріктеудің 4 құралын енгізудеміз. Оны әлемде бұрынна қолданады. Солардың ішінде Назарбаев университет, ПрайсУотерХаус және Детлойт. Олар бұл істе серіктестер тапты. Енді кандидат екі эссе жазатын болады: біреуі өмірлік тәжірибесі туралы, екіншісі берілген тақырыпқа байланысты. Сонымен қатар ол, психологиялық тест тапсырады. Осылайша кандидаттың IQ мен ол жөнінде толық білетін боламыз. Осы процедураларды интернетке салып қойдық»,-деді Ж.Асанов.

Оның айтуынша, карьералық өсу жаңа қағидаттар бойынша жылжытылады. Бұл үшін арнайы пулдар құрылатын болады.

«Мысалы, «300 үздік мемлекеттік айыптаушы». Кім осы пулға түсетін болса, Астана мен Алматыдағы Бас прокуратураның маңызды лауазымдарының басымдығына ие болады. Бізде қазір 200 вакнсия бар. Ол орынға келгенді ала беретін болсақ, ештеңе өзгермейді. Сондықтан, оларды қымбатқа және ұзақ уақыт оқытады. Әр прокурор, кім өскісі келеді, сол тиімді жұмыс істеуі керек. Менеджмент технологиясын игеруі керек. Кітап оқыңдар. Мысалы, «Семь навыков высокоэффективных людей», «101 совет оратору» және тағы басқа да кітаптарды оқу керек. Осылай ғана біз біліктілік деңгейін көтере аламыз және бір тілді сөйлесе аламыз»,-деді ол.

Бас прокурор Академияға жоғарыда айтылғандай әдебиеттердің тізімін жасап, оны ведомство порталына орналастыруды тапсырды.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика