Халықаралық интеграция

Б.Сағынтаев пен В.Матюшевский мемлекетаралық ынтымақтастық жағдайы мен перспективаларын талқылады

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Гомель қаласында (Беларусь Республикасы) қазақстандық-белорус сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 12-ші отырысына қатысты.
Әлемде22 Шілде , 11:27

Белорус делегациясын Премьер-министрдің бірінші орынбасары Василий Матюшевский бастады, деп хабарлады pm.kz.

Тараптар мемлекетаралық ынтымақтастық жағдайы мен перспективаларын талқылады. Отырысқа қатысушылар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, ғарыш саласындағы серіктестікті одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті. 

Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру барысын қарады.

Аталған «Жол картасы» шеңберінде 64 бірлескен өнеркәсіптік жобалар іске асырылуда, сондай-ақ өндірістік кооперацияны күшейту, тауарларды және қызметтерді өзара жеткізу, өңіраралық ынтымақтастықты, шағын және орта бизнесті дамыту және т.б. бойынша бірлескен іс-шаралар қарастырылған.

 




Яндекс.Метрика