Басқару

ҚР Бас прокуратурасымен 14 мың қазақстандықтың құқықтары қалпына келтірілді

2016 жылдың алты айында Бас прокуратураға шағымдарымен келген 14 мың қазақстандықтың құқықтары қалпына келтірілді, деп ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті.
Астана қаласы22 Шілде , 10:41

«Біз 1,7 млрд теңгеге азаматтардың пайдасына сот шешімдерінің орындалуын жасадық. Шағымдарымен келген 14 мың азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Бұл бұзушылықтар бойынша 40 мыңнан астам қызметттегі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар қылмыстық жасаупкершілікке 209 адам тартылды»,-деді Ж.Асанов.

Оның айтуы бойынша, 182 сотталғандар прокурорлардың наразылықтарына орай, жеңіл үкім алды, ал барлығы, прокуратураның бастамасы бойынша 698 сот актілері қайта жөнделді.

«Қызмет кабинеттері мен уақытша ұстау изоляторында заңсыз тұрде 205 адамды қамауда ұстаған. Біз оларды босаттық. Камерадан 2 мыңнан астам күдіктілерді шығардық. Оларға кепілді қолдандық»,-деді ҚР Бас прокуроры. 




Яндекс.Метрика