Басқару

Ж.Асанов: Бас прокуратураның араласуымен 40 мың жұмысшы ала алмай жүрген 4 млрд. теңге еңбек ақыларына қол жеткізді (ФОТО)

ҚР Бас прокуратурасының араласуымен 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында 40 мың жұмысшы ала алмай жүрген 4 млрд. теңге еңбек ақыларына қол жеткізді, деп хабарлады Бас прокурор Жақып Асанов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Астана қаласы 22 Шілде, 10:32

«Кейбіреулер бізді жазалаушы орган деп есептейді» Олар үшін біз тек кінәлаушымыз. Прокуратура бүгінгі таңда алдымен құқық қорғау органы»,-деді Ж.Асанов.

Оның айтуынша 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында прокурорлар 360 мың адамның құқығын қорғап қалды. Оның жартысы балалар.

«Біздің әрекет етіп араласуымыздың арқасында 40 мың жұмысшы ала алмай жүрген 4 млрд. теңге еңбек ақыларына қол жеткізді. 2,5 мың мүгедек жан жұмысқа орналастырылды, прокурорлардың талап етуімен 154-і мемлекеттік тұрғын үй алды»,-деп атап өтті ҚР Бас прокуроры.

Анар Тәңірқұлова

Суретке түсірген Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика