Халықаралық интеграция

Мәскеу орталығында «Қазақстан-ұлы дала елі» фотокөрмесі ашылды (ФОТО)

Мәскеу орталығындағы Никольский көшесінде, «Революция алаңы» метро станциясының жанында «Қазақстан-ұлы дала елі» фотокөрмесі ашылды, шараны «National Geographic Россия» журналы ҚР-ның Ресейдегі елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлады СІМ.
Әлемде 22 Шілде, 20:37

Экспозиция құрамына 60 фотожұмыс енді, олар Қазақстан табиғатына, сондай-ақ, Қазақстанда өтетін ірі шаралар – Алматыдағы қысқы Универсиада, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін суреттегін. .

Суретердің авторы - «National Geographic Россия» шеф редакторы Андрей Каменов, ол арнайы көрме үшін Қазақстан бойынша фотоэкспедиция өткізді.

Ашылу салтанатында «National Geographic Россия» журналының  ди бас редакторы Андрей Паламарчук айтып өткендей, «Қазақстан – ұлы дала елі» фотокөрмесі  осы жылы «National Geographic Казахстан» журналының қазақ тіліндегі нұсқасының шығуына орайластырылып отыр. Ол атағандай, көрменің басты тақырыптарының бірі – Астанадағы ЭКСПО көрмесі», - деді ол.

Ресейдегі Қазақстанның елші-кеңесшісі Марат Сыздықов айтып өткендей, еуразиялық материктің орнында тұрып Қазақстан  Еуропа мен Азияның ландшафтарын таныстырады.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының  туризмді дамыту, маркетинг департаменті директорының орынбасары Жәмиля Нұрқалиева «National Geographic Россия»  журналы мен ҚР Ресейдегі Елшілігіне фотокөрме ұйымдастырылуына алғыс білдірді.

Никольский көшесіндегі фотокөрме 2016 жылдың 24 шілдесіне дейін  жалғасады.

 

 





Яндекс.Метрика