Халықаралық интеграция

Қазақстан және Беларусь теңдестірілген сауда жүргізеді

Қазақстан және Беларусь өзара сауда көлемінің азаюына жол бермеу үшін барлық шараларды жүзеге асырады.
Әлемде22 Шілде , 09:36

«Қазақстан мен Беларусь арасындағы серіктестік әрдайым сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты және стратегиялық сипатымен ерекшеленді. Бірақ, Еуразиялық кеңістік шеңберіндегі өзара тығыз әрекеттестікке және интеграцияға қарамастан, 2015 жылы біздің елдеріміздің арасындағы сауда көлемі 38%-ға төмендеді», - деп хабарлады Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Гомельдегі Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы барысында. 

Қазақстандық статистиканың мәліметінше, 2015 жылы Беларусьпен тауар айналымы көлемі 520 млн АҚШ долларын құрап, 37,7%-ға төмендеді, деп хабарлады Pm.kz.

Б. Сағынтаевтың айтуынша, сауданың теріс динамикасы бірінші кезекте әлемдегі экономикалық ахуалдың нашарлауына және энергия ресурстарына бағаның төмендеуіне байланысты.

«Сонымен бірге, тауар айналымының көлемін қолдауда сауданың үйлестірілгендігі және жеткізілетін тауардың тұрақты сипаты маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, екі мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органдарына теңдестірілген сауданы қалыптастыру және тауарларды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп зерттеуді тапсыруды ұсынамын», - деді Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Үкіметаралық комиссия отырысы барысында.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика