Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Н.Ыбырайым: Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің еңбек ақысы жеке жұмыс жоспарын орындағанына байланысты төленеді (БЕЙНЕ)

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін жеке жұмыс жоспары құрылады. Еңбек ақылары сол жоспарды орындауларына байланысты төленетін болады, деді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министр Нұрлан Ыбырайым 2016 жылдың бірінші жарты жылдық қортындысына арналған министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Астана қаласы 22 Шілде, 09:17

«Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданғандарды өткізетін жаңа сынақ мерзім жүйесі іске қосылды. Мемлекеттік қызметке жаңадан келушілердің тез бейімделу және қызметтен кету жөнінде ескерту сияқты мәселелерден бастап, бәрі қамтылған. Бейімдеу жоспарының ішінде жаңадан келгендерді тәжірибелі мамандарға ертіп, үйрету жағы да қарастырылған. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 3+3 схемасы бойынша 1404 мемлекеттік қызметкер сынақ мерзімінен өтуде»,-деді Н.Ыбырайым.

Бұдан бөлек, нәтижеге орай еңбек ақы төлеу жүйесін енгізу бойынша шаралар қолданылуда.

«Министрлермен және әкімдермен нақты көрсеткіш меморандумы бекітілді. Жетістікке жыл қортындысында солар жауап беретін болады. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін жеке жұмыс жоспары құрылады. Еңбек ақылары сол жоспарды орындауларына байланысты төленетін болады»,-деді вице-министр.

Ботагөз Айтжанова

Бейне: Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика