Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Ақмола облысында қуаттылығы 2 млн тонна болатын цемент зауыты қазан айында іске қосылады

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданында 2016 жылдың қыркүйек-қазан айларында жаңа цемент зауытын іске қосу жоспарлануда.
Ақмола 21 Шілде, 18:57

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің Еңбекшілдер ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Индустрияландырудың ірі жобасының бірі туралы жоғары сапалы цемент өндіретін «Көкше-Цемент» ЖШС-ң басшысы Владимир Ковригин  айтып берді, деп хабарлайды аймақ әкімдігі.

Еске сала кетейік, «Көкше-Цемент» ЖШС Еңбекшілдер ауданында 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Зауыт жылына 2 млн тонна өнім шығарады. Мұнда жоғары сапалы цементтің 20-дан астам түрі шығарылады.

Аймақ басшысы аталмыш нысанның маңыздылығы тек облыс үшін ғана емес екенін атап өтті. «Аталмыш зауыт тек Қазақстандағы ғана ірі зауыт емес, сондай-ақ Орта Азияда теңдесі жоқ ірі кәсіп орын болады»,-деп атап өтті.

Қазір зауытты іске қосу жұмыстары 95 пайызға орындалып тұр. Басшының айтуынша алғашқы кезеңін осы жылдың қыркүйек айында, ал толық қуатын қазан айында іске қосу жоспарлануда.

«Қазіргі уақыттағы қаржылық дағдарысқа қарамастан кәсіпорында бәрі тұрақты. ЖШС-де қазір 468 адам жұмыс істеп жатыр. Олардың орташа еңбекақылары 108 теңгені құрайды»,-деп атап өтті директор.  





Яндекс.Метрика