Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҚР-да сотталған тұлғалардың қылмысты қайталамауларына ықпал ететін бағдарлама тағайындалатын болады

Қазақстанда сотталған тұлғалардың қылмысты қайталамауларына ықпал ететін бағдарлама тағайындалатын болады, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.
Астана қаласы21 Шілде , 19:16

«Бүгінгі іс-шара Қазақстандағы пробация институтына қатысты заң жобасының алғашқы талқылауына арналып отыр. Бұл төтенше маңызды институт. Оның элементтері 2015 жылдың басында енгізілген және жаңа Қылмыстық атқару кодексінде пробация қызметі жұмыс істеп жатыр. Пробация қызметі тұлғаға сотқа дейінгі қарау сатыларында, жазаны өтеу кезінде және жазаны өтеп келгеннен кейін де әлеуметтік-құқықтық тұрғыда көмек көрсетеді»,-деді С.Бычкова.

Оның айтуынша, 2015 жылдан бастап пробация элементтері ақырындап енгізіле бастады және қылмысты қайталаудың үштен бір бөлігі қысқарған.

«Егер сотталушымен жұмыс істесе, әлеуметтік бейімдесе, оларды бостандыққа дайындаса, түрменің субмәдениетінен аластатса, адам өмірден күдер үзбейтіндей, мүмкіндігінше толық бейімделіп шығады. Бұл қылмыстық әрекеттерден оқшауланыдырады. Яғни, адам дұрыс өмір сүруге бағытталады. Бұл жердегі мәселе әлгі адам қоғамның қалыпты мүшесі ретінде қайта қалыптасады»,-деп түсіндірді ол.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2016 жылдың 6 айында пробация қызметінің есебі бойынша қоғамнан оқшаулаға байланысты емес 41080 сотталушы өткен.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика