Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Жарты жылда Достық т/ж станциясы арқылы 3 млн тоннадан астам жүк тасымалданған

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Достық темір жол станциясы арқылы 3 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Бұл 2015 жылман салыстырғанда 260 мың тоннаға артық, деп хабарлады ҚТЖ.
Казахстан21 Шілде , 19:34

«Контейнерлік тасымалдың көрсеткіші көңіл қуантады. Егер өткен жылдың алты айында барлығы 136 контейнерлік пойыздар өткізсек, биыл 479-ға жетті. Өсім контейнерлік пойыздарды жөндеу уақытының 4 сағат 15 минутқа қысқарғанының арқасында болып отыр. Бұрын бұл көрсеткіш 9 сағатты құрайтын. Транзиттік тасымал өсті. Қосымша ҚР бойынша транзиттік жүктерді қабылдаймыз және жөнелтеміз»,-деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Достық Станциясы» филиалының директоры Нұрғали Ілиясов.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы шекара шебіндегі станцияның дамуына әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша көп көңіл бөледі. 2008 жылдан бастап темір жол көлігі мен мемлекеттік қызметшілер үшін 505 пәтерлік 25 тұрғын үй салынған.

Еске сала кетейік, Достық 10 мыңнан астам халқы бар, Қазақстаннан Қытайға өтетін маңызды трансшекаралық темір жол станциясы болып есептеледі. Халқының басым көпшілігі теміржолшылар. 




Яндекс.Метрика