Сапар барысында депутат облыста экономика, әлеуметтік және мәдени саясат салаларында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысып, жергілікті тұрғындармен, еңбек ардагерлерімен, мәслихат депутаттарымен, кәсіпкерлермен, партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен және жастармен кездесті.
Сенатор азаматтарды Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаларын іске асыру шеңберінде елімізде жүргізіліп жатқан жаңғыртулар жөнінде, экономиканы, әлеуметтік саланы дамытудың негізгі бағыттары, тіл саясаты туралы хабардар етті.
Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі, Сенат депутаты Қ.Айтаханов жиналған қауымға Комиссияның жұмысы жайлы және Жер кодексі өзгерістерінің мазмұны туралы айтып берді, сондай-ақ ол халықты толғандырып отырған сұрақтарға жауап берді.