Инвестициялар

KAZNEX INVEST инвесторларға қаражатты Қазақстанның азық-түлік өнеркәсібіне салуды ұсынады

Қазақстан үшін өндірістік салада қайта өңдеу маңызды болып табылады, өйткені бұл бағыт индустриалды-инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығында бар, деп «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарушы директоры Ерлан Мұратов ҚР ауыл шаруашылық министрлігіне қаражатты жұмылдыру туралы баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы 21 Шілде, 16:38

«Біз Ресей мен Еуропа Одағы арасында болған жағдайды қолдануға тырысамыз, яғни санкция режимі. 2014 жылға дейін және 2015 жылдары Ресей нарығына өз өнімдерін экспорттаған ірі компаниялар тауардың көп болуын сезінеді және ірі нарықта өздерінің болуына орай жолдарды іздестіруде. Сол себепті, біз Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық аймақтарды инвесторларға ұсынамыз және олар сол жерде өз жобаларын іске асыра алады»,-деді Е.Мұратов.

Оның айтуынша, Қазақстан үшін өндірісте қайта өңдеу маңызды болып келеді, өйткені бұл бағыт индустриалды-инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығында бар.

«Азық-түлік өнеркәсібі жоғары бағалы тауарға жатады. Барлық керекті өнімдерді өсірудеміз, ал нақты қайта өңдеуде үлкен мүмкіндіктер бар»,-дедіә басқарушы директор.

Сонымен қатар,  Қазақстанда жылыжай шаруашылығында үлкен мүмкіндік бар.

«Маусымдық өсіруге қарамастан, инвесторлар үлкен табыс ала алады. Өткізілген девальвацияға орай, жалақы бөлігі және энергетикалық шығындар, жанар-жағар май әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады»,-деді Е. Мұратов.

Сонымен қатар, инвесторлар үшін өндірістік мекеменің үлкен резерві тартымды кезең болып табылады.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика