ҚР Президентінің Жолдауы

«ҚазАгро» ұлттық холдингі АӨК дамыту мақсатында аграрлық инвестициялар қорын құрады

«ҚазАгро» ұлттық холдингі АӨК дамыту мақсатында аграрлық инвестициялар қорын құрады, деді «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ атқарушы қаржы директоры Бану Ерғалиева Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте.
Астана қаласы 21 Шілде, 16:09

«Биылғы жылдың аяғына дейін біз «FPP Asset Management» атқарушы компаниясымен бірлесіп қор құруды жоспарлап отырмыз. Аталмыш компания  ауыл шаруашылығы саласында тәжірибеге ие, ТМД елдері бойынша да жұмыс істеді. Қазақстанда біз алғашқы жоба жүзеге асырамыз. Компанияның қызметі қызметтегі жұмысы әрекеттегі жобаларға бағытталатын болады», - деді ол.

Жобаның алғашқы капитализацияландырылуы 50 млн доллар көлемінде тұр. Соңғы капитал 300 млн долларға дейін жеткізіледі.

« «ҚазАгро» есебінен жаңа қор құрылады. «FPP Asset Management» атқарушы компания ретінде тартылады. Инвесторларды тартуды қордың жұмысынан кейін бір-екі жылдан кейін тартамыз. 50 млн – мемлекеттік және тартылған қаржы», - деді Б.Ерғалиева.

«ҚазАгро» ұлттық холдингі  аграрлық салаға қосымша инвестициялар тарту  мақсатында 2015 жылдан бастап тікелей инвестициялар қорын құрды.

Холдинг үшін пилоттық жоба Мажарстанның сарапшылық-импорттық банкі мен Қазақстан – мажарстандық тікелей инвестициялар қорымен ашылды.

Оның бастапқы қаржы капиталы 40 млн доллар болса, түйінін 150 млн долларға жеткізу қарастырылып отыр. Қорды ADM Capital тәуелсіз компаниясы басқарады. Ол 1,4 млрд доллар капиталды әр түрлі инвестициялық қор арқылы басқарып отыр. 16 елде жабық каптиалы бар.

Қазіргі уақытта қор келісу мен дайындау деңгейінде тұр. Оған  3 жоба енеді: тауарлы сүт фермасы,  Ақмола облысында минералды тыңайтқыш өндірісінің зауыты, Ақтөбе облысындағы жылыжай кешені.





Дерекнама

Яндекс.Метрика