Өңірлер

Жамбылдық қызылша өсірушілер тамшылатып суару арқылы бір гектардан 700 центнер алуды жоспарлауда

Жамбылдық қызылша өсірушілер тамшылатып суару арқылы бір гектардан 700 центнер алуды жоспарлауда, деп өңір әкімдігінде хабарлайды.
Жамбыл21 Шілде , 16:57

Ағымдағы жылы саланы дамытуға облыс бюджетінен 420 млн теңге бөлінді, сонымен қатар, 220 млн теңге француздық тұқымдарды сатып алуға бөлінді және 220 млн теңге – техникаларды сатып алуға. Нәтижесінде  тамыр жемістің аумағы 5 680 гектарды құрады, ал 850 гектарында суарудың қазіргі заманға сай әдісі қолданылады.

«Орташа өнімділік жағдайында бір гектардан 250 центнер таза түсім бір гектардан 175 мың теңгені құрайтын болады, ал егер 500 центнер жиналатын болса, онда 475 мың теңге болады. Бұл сандар – боразадалап суаруды қолданған жағдайда, тамшылатып суаруды қолданған кезде айтарлықтай ұлғайады»,-деп хабарламада айтылған.

Осылайша «Самғау» қордайлық шаруа қожалығы бір гектардан 700 центнерден астам астық алуды жоспарлауда. Ал, «Пионер» шаруа қожалығы бораздалап суаруды қолдану арқылы бір гектардан 350-380 центнер тамыр жемісін алуды жоспарлауда.

Ағымдағы жылы «Орталық Азия Қант корпорациясы» ЖШС Меркен қант зауытының жаңғыртылуына өз қаражатынан 3 млн АҚШ долларын инвестициялады.

Айта кетейік, күз айында тұқымды алу үшін қызылша өсірушілердің 70 пайызы қайта субсидияланады, аграрияның бұл қаражаты егін жинау үшін жіберілуі мүмкін.

Осылайша, гектар бойынша субсидияны беру басталады, сол себепті егін жинау барысында қызылша өсірушілер айналымы жоқ қаражатсыз қалмауы тиіс. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика